Агата Кристи. Жеті циферблаттар құпиясы

 

Бұл детектив романда жиырмасыншы ғасырдың бір топ «алтын жастарының» тыныс-тіршілігі суреттеледі.

Ішкі істер министрлігінде қызмет жасайтьга бір топ жігіттер демалыстарын бірге өткізеді. Түске шейін ұйқыдан бас көтермейтін жас жігітті ерте тұрғызу үшін олар ойын ойнамақшы болып, сол ойыннан от шығып, мистер Уэйд атты жас жігіт қайтыс болады. Оның ізін досы Ронни құшьш, жұмбақ өліммен көз жұмады. Ронни қолында қайтыс болған леди Бандл оның соңғы демі таусылар алдындағы «Жеті Циферблат», «Джимми Тесайгер» деген сөздерін көкірегіне түйіп алып, осы жұмбақ өлімнің сырын шешуге белсене араласады. Қылмысты істерді ашумен айналысатын бас тергеушінің қабылдауында болып, өзі естіген «Жеті Циферблат» деген сөздің мағынасын білгісі келеді. Ақыры оның түнгі клубтардың бірінде жұмыс жасайтын жасырын қоғам екендігін біліп, оның құпиясын ашуға белсене кіріседі.

Шым-шытырыққа толы романның желісі осы жас жігіттермен бірге жүрген, олардың бар қи- мьшын, іс-әрекетгерін білетін Джимми Тесайгердің мистер Уэйд пен Ронни Девердің түбіне жетуінен басталады. Ол оңай олжа тауып, баю үшін өнертапқыштардың миллиондарға баланған формуласын қолға түсіруге жоспар жасап, сонысын жүзеге асыруға тырысады. Бірақ оның арам ойын біліп қалған тергеу орындары қадамын аштырмай, басқан ізін аңдып отырады.

Ақырында, «Жеті Циферблат» қоғамы астыртын ұйым емес, аса қауіпті қылмыстарды ашуға көмектесетін әуесқойлар клубы болып шығады. Оған бағыт-бағдар беріп отыратын қоғам жетекшісі «нөмірі жетінші» бас тергеуші Баттл талай қанқұйлы қылмыстарды ашып, қылмыскерлердің қитұрқы әрекетгеріне жол бермейді.

Шытырман оқиғаның басты, жағымды кейіпкерлері леди Бандл мен мистер Биллдің бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігі осындай қиын кезеңдерде шынығып, ақыры бақыттарына қол жеткізеді.

Романның тілі жеңіл, оқиғасы тартымды.