Қалдыбаев Ә. САҒЫНДЫМ СЕНІ, ІНІМ! (Әңгімелер) / Әлдихан Қалдыбаев. - Алматы: «Таймас» баспаүйі, 2021 - 240 бет.
Бауырмалдылық, ағалық ақыл, інілік ізет, адалдық атаулыны болашақ ұрпақтың тұла бойына тұндырып, оны ту етпек әрбір қалам иесінің міндеті. Осы тұрғыдан алғанда Ә.Қалдыбаев қалыс қалмаған. Ол өзінің «Сағындым сені, інім!», «Бауыржан деген бала бар», «Ата», «Тыртық сыры» т.б. әңгімелеріне осы аталмыш қасиеттердің бәрін тоғыстыра біліп, жасөспірімдерді жақсылық жолына жетелейді.