Қараман Қараша
Бұл танымдық жинаққа журналист-қаламгердің XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында нұсқалы сөздің кестесі атанған, қазақтың жазба әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосқан Сырдың дүлдүл шайыры Ерімбет Көлдейбекұлы-ның (Қарасақал Ерімбет) ақындық шеберлігі мен асыл мұ-расына қатысты көп жылғы зерттеулері еніп отыр. Кітап жалпы әдебиет сүйер оқырманға, сөз қадірін қастерлеп, құрмет тұтатын қауымға арналған. Бұл туынды кезінде республиканың шартарабына тараған еді. Қоғамдық пікірдің ықпалы мен жұртшылық сұранысы ескеріліп, араға он бес жыл салып, оқырман қауымға қайталай жол тартып отырған бұл кітаптың енді, міне, оның толықтырылып, жетілдірілген нұсқасы Ерімбет шайырдың алдағы 175 (2025 ж.) жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылып отыр.