Артур Конан Дойл. Жоғалған әлем. Роман
Артур Конан Дойл. Жоғалған әлем. Роман
«Жоғалған әлем» - көрнекті ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың ғылыми фантастикасы. 1912 жылы жарық көрген бұл роман жазушының профессор Челленджер туралы шығармалар циклі- нің алғашқы кітабы. Романда Оңтүстік Америкаға сапарлаған Британия экспедициясы туралы өңгімеленеді.
Амазониядағы адам аяғы басып көрмеген биік жартасты үстіртті зерттеуге аттанған профессор Челленджер мен оның серіктері (профессор Саммерли, лорд Джон Рокстон мен газет тілшісі Мэлоун) динозаврлар, адам тектес маймылдар мен жабайы адамдар қатар тіршілік ететін «жоғалған өлемге» тап болады. Оқиға газет тілшісі Мэлоуннің атынан баяндалады.
Кезінде миллиондаған оқырманның қызығушылығын тудырып, бағасын алған бұл шығарма ғылыми фантастиканың үздік үлгісі. Ширыққан сюжеті, жарқын кейіпкерлері мен жеңіл әзіл-оспақты тілін шығарманың ерекше табысы деуге болады. Әлемнің көптеген тіліне аударылған бұл роман алғаш рет қазақ оқырмандарына ұсынылып отыр.