Қазақ сөзі. 1500 сөз
Бұл оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің жиі қолданылатын лексикалық минимумына негізделген. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгеруге арналған оқу-әдістемелік құрал 1500 сөзді қамтитын 16 сабақтан тұрады. Оқұ құралында сөздер мен сөз тіркестерін,сөйлем үлгілерін тақырыбына сәйкес мағынасы мен қолданылу аясына қарай дұрыс пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылады. Оқу-әдістемелік құрал оқытушыларға, әдіскерлерге, тіл үйренушілерге арналған.