Б. Әзірбаев Ұлы дала жыршысы (Қазақтың дүлдүл ақыны Кенен Әзірбаев жайында монографиялық ой-толғау, эссе. пікірлер) Алматы: «Алатау» баспасы, 2021. - 440 б.

Бақытжан Кененұлының бұл туындысы ақиық ақын, күміс көмей әнші, ұлы композитор Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына өзгеше көзқарас, жаңаша таным тұрғысынан келеді. Кененнің әншілік, ақындық дарынын сөз ете отырып, көнеден келе жатқан жыраулық, серілік дәстүрімізді сақтап қана қоймай, оның рухын асқақтатып, жаңаша түр, әуез мақам енгізіп кейінгі ұрпаққа аманат еткен абыз ақын, ақылгөй жырау екенін айқындай түседі. Кенен ақынның өскен ортасы, өмірі, отбасы жайлы көпке беймәлім мағлұматтарды да осы туындыдан оқып біле аласыз.

Шығарма ақын жайлы көбірек білгісі келген оқырмандарға, Кенен әндерін насихаттап жүрген өнерпаздарға, жалпы өнер танушы, музыка, әдебиет зерттеуші жас ғалымдарға арналады.