Басымұлы Қ. Шығармалар жинағы
Жинақта Қ. Басымұлының «Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері» атты еңбегі, қазақ тілінің фонетикасы, морфология, емле, тыныс белгілері, әліпби, әдебиет мәселелеріне қатысты жарық көрген мақалалары, бағдарламалары, мұрағаттан табылған құжаттар қамтылды. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы жинақталған. Кітап тіл білімі мамандарына, докторант, магистрант, студенттерге және көпшілік оқырманға арналады.