Байахмет Жұмабайұлы. Қазақ балаларының байырғы ойындары.
Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды.
Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды кұралы болмақ.