Болат Асанов. Ең әдемі құс қайсы?

 

Болат Асанов -1950 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ынталы орта мектебін бітірген соң туған ауылында малшы, механизатор болып еңбек жолын бастаған. С. М. Киров атындағы ҚазМУ - дың журналистика факультетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» университетінің «Педагогика және психология» факультетін тәмамдаған. Аудандық газет редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі, орта мекгепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және психолог болып жұмыс істеген. Ере- сектермен қатар балаларға да арналған өлеңдер жазады. «Дала дидары» атгы жыр жинағы жарық көрген, «Жетіген» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген.