Болат Үсенбаев.Тәуелсіздік деген не? Өлеңдер мен ертегілер. / Болат Үсенбаев. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2022. - 240 бет.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын Болат Үсенбаев - қазіргі балалар әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген қаламгерлердің бірі. Ол ұзақ жылдар республикалық «Ақ желкен» және «Балдырған» журналында қызмет етті. Өлеңдері балабақша және мектеп оқулықтарына, балалар поэзиясының антологияларына енген. Кітап жас оқырмандарға, балабақша тәрбиешілері мен ұстаздар қауымына, ата-аналарға арналған. Кітаптың тілі құнарлы, айтар ойы терен, тақырып аясы кең, танымдық, тәрбиелік мәні зор.