«Біздің ғажап әлем» Балалар энциклопедиясы

Жер — галактикамыздағы ең бірегей планета. Ғалымдар Жерді мыңдаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, оның ашылмаған құпиялары әлі де көп. Дегенмен біздің планетамыз жайлы таңғалдыратын қызықты мәліметтер жеткілікті. Жер туралы, планетамыздың және адамзат өркениетінің алуан табиғаты туралы маңызды мәліметтер жинақталған бұл энциклопедия жас оқырмандардың білімін жаңартуға, қызықты деректермен танысуға көмектеседі. Көркем-бейнелі және ғылыми-танымдық иллюстрациялар мен фотосуреттер мәтіндегі ақпаратты түсінуге және игеруге таптырмас көмекші болмақ.