Даналық әліппесі
Даналық әліппесі кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілді. Олар баланың туғаннан бастап, жас ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп берілді. Даналық әліппесін отбасында, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы және жоғары оқу орындарында кеңінен қолдануға болады.