Динара Шәйжүнісова. SUPER ҚЫЗ: Шабыт берер хикаялар

Бұл кітап Қазақстанның рухы мықты және талантты қыз-келіншектері туралы баяндайды. Мұнда әртүрлі салада үлкен жетістікке жеткен айтулы қыз-келіншектердің өмірінен 50 хикаят жинақталған. Кітаптың мақсаты - қызғалдақтай желкілдеп өсіп келе жатқан қыздарымызды өзін өзі дамытуға, терең білім алуға, алдына биік мақсаттар қойып, соларға жеткенше тынбай еңбек етуге тәрбиелеу, шабыттандыру.

Бұл хикаяттарға қиындықтарға мойымау, ой еркіндігі, өз бетінше шешім қабылдау, дербес әрекет ету, мақсаткерлік, рух пен ерік-жігер кушін шыңдау, білім-ғылымға ұмтылу, адамдарды сүю, өзіне сену сияқты құндылықтар алтын арқау болады.

Кітап күміс қасықтай қыздарымызға таптырмас тамаша сыйлық бола алады. Сүйікті де сүйкімді кестетігеріңізге осы кітапты сыйласаңыз, сіз де оның болашағына үлкен сеніммен қарайтыныңызды білдірген болар едіңіз. Кітапта келтірілген таңғажайып оқиғалар, қаһармандарымыздың шынайы өмірінен алынған нақты мысалдар қыздарыңызға ерекше шабыт сыйлап, дұрыс бағыт-бағдар берері сөзсіз.

Кітап есімі елеусіз болып жүрген, бірақ сый-құрметке әбден лайық өжет, іскер, табанды, табысты әйел- дердің өмірінен сыр шертеді. Сонымен бірге бүкіл Қазақстанның танымал қыз-келіншектерін жеңіл де қызықты тілмен таныстырады. Бұл қаһармандардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыстъң ноғыз батырлары - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, мәдениет саласының майталмандары - Дина Нұрпейісова, Күләш Байсейггова, Бибігүл Төлегенова, Олимпиада чемпиондары - Ольга Шишигина, Олъга Рыпахоеа, сондай-ақ жас спортшы қыздарымыз Жансая Әбдімәлік, Элизабет Тұрсынбаева және тағы босқа да        мақтаныштарымыз бар.