Дымбілместің айға саяхаты.

«Дымбілместің Айға саяхаты» — орыстың аса көрнекті жазушысы Н. Носовтың дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған, балалар сүйіп оқитын әйгілі шығармасы. Оқиғасы мейлінше қызықты, тілі тартымды, алғашқы бетінен-ақ баурап алатын, бір деммен оқып шығатын кітап.

Басты кейіпкер Дымбілместің аңғалдығы, кіршіксіз пәк жан дүниесі, достарына адалдығы әдемі суреттелген. Шығарманы оқи отырып, әр оқырманның жүрегінде жылылық орнап, балалық шағына саяхат жасағандай сезімде болатыны сөзсіз.

Бұл шығарма балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, еңбек етуге құлшынысын арттырады, еріншек, өзімшіл болмауға үйретеді.