Джунгли кітабы Р.Киплинг

«Джунгли кітабы» — Редьярд Киплингтің бүкіл әлем оқырмандары қызығып оқитын әңгімелер жинағы. Кітаптың бірінші бөлімінде жабайы аңдар арасында өскен бала Маугли, ақылды аю Балу, джунглидегілердің бәрі сескенетін қара қабылан Багира, жауыз жолбарыс Шер-Хан, сондай-ақ ержүрек қасқыр Акела, айдаһар жылан Каа және құпия әрі қауіпті джунгли әлемінің басқа да жануарлары туралы баяндалады. Сонымен қатар жинаққа Р. Киплингтің жануарлар туралы әңгімелері енгізілген. Әңгімелер жас оқырмандардың қызығушылығын тудырары сөзсіз.