«Итбас» Дейв Пилки

Қорқуды білмейтін су жаңа Итбас деген қылмысқағарды қарсы ал! Жорж бен Харолдтың қаһарманы алаяқты тырнап, ұрыны сұлатып, залымды жеті қат жер астына түсіп кетсе де, тауып алады. Жұмыс істеп жүріп, жазатайым жараланған офицер Сері мен жанындағы иісшіл иті Грегке дәрігерлер ота жасайды. Дәл сол ота бұлардың тағдырын түбегейлі өзгертті. Сөйтіп, итбас сақшымыз жарыққа шықты. Ит басты я адам денелі қаһарманымыздың мұрны әділеттің иісін алыстан сезеді. Десе де міндетін атқара жүріп итіміз табиғи болмысына қарсы тұра алар ма екен өзі?