Құлбек Ергөбек. Адамның бір қызығы бала деген. Қазақ балалар әдебиеті мәселелері - Нұр-Сұлтан: Big Dream баспасы, 2021 ж.-428бет
Бір жанр жай-күйін тұтас бір кітапта тарата, талдай әңгімелеу көрнекті әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбектің қалыптасқан қаламгерлік дағдысы. Сыншылық сондай мақсаткерліктен туған «Адамның бір қызығы бала деген...» - қазақ балалар әдебиетінің тарихын түрік халықтарына ортақ алтын тамырдан арна тарта әңгімелейтін, әдебиеттің қызық та, қиын саласының көп жылдық жетістік, кемшілігін ақ-адал саралайтын, бүгіні, алдагы ділгір мәселелерін орайымен толғайтын толайым толғақты ойлардан тұратын жұлын-жүйкесі бүтін жүйелі еңбек, бір тақырыпта туған желілі тұтас кітап.