Мюнхгаузен хикаялары

Кезінде неміс жазушысы Р.Э. Распенің жинап, өңдеп бастыруымен жарық көрген бұл шығарма — Еуропаға кеңінен тараған күлдіргі ертегілер. Мюнхгаузеннің басынан кешкен шытырман оқиғалары — фантастикалық сюжетті топтама. Аталмыш сатиралық әңгімелердің кейіпкері тежеусіз қиялдың символы болып саналады.