«Нильстің таңғажайып саяхаты» Сельма Лагерлеф
«Нильстің таңғажайып саяхаты» — құпия мен сиқырға, шытырманға толы ертегі-хикаят. Бұл ертегінің басты кейіпкері — екіліктен көз ашпайтын, әлсіз гномды мазақ еткені үшін өзі де гномға айналған тентек Нильс. Ол жабайы қаздармен бірге анасының сүйікті қазы Мартиннің мойнына жармасқан күйде Лапландияға ұшып кетеді. Бұл таңғажайып саяхаттан мейірімді, әрқашан достарын қорғауға дайын ержүрек Нильс боп оралады. Бұл ертегі-хикаят кішкентай оқырмандарды достықты бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеп қана қоймай, Швецияның тарихымен және көрікті жерлерімен таныстырады.