ОРДА ЕРТЕГІЛЕРІ

ОРДА ЕРТЕГІЛЕРІ

Бұл кітапта қазақ тіліндегі жаңа заманғы ондаған автордың адамдық, ұлттық және таным құндылықтары негізінде жазған ертегілері жинақталып отыр. Жоба жасаушылар барлық жас оқырман мен ата-аналарына ыңғайлы болу ұшін ертегілердің аудиоларын кітап ішінде сілтеме беріп кеткен. Технологиялық үдерістер қазіргі балалардың контент қажеттіліктерінің аясын еселеп кеңейткені белгілі. Сол факторларды негізге ала отырып, жаһандық тәжірибелердің ең соңғы озық үлгісімен астастырып шығарылған бұл өнімдер сериясы жаңа леп іздеген көпшілік оқырманның көңілінен шығады.