Жаңа кітаптар келді

Ө Ақыпбекұлы. Керек кітап.

Белгілі балалар ақыны Өтепберген Ақыпбекұлының «КЕРЕК КІТАП» деп аталатын кезекті өлеңдер жинағы шын мәнінде балаларға, балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып оқушыларына, ұстаздар қауымына және ата – ааларға өте керек, қажетті кітап болады деген сенімдеміз.

Жинақ 4 бөлімнен тұрады: I бөлім «Айдай аппақ бөпем бар» деп аталады. Аталмыш бөлім – ананың жүкті болғанынан бастап, сәбидің дүниеге келуі, яғни ұлттық салт –дәстүр негізінде жазылған «Құрсақшашу», «Жарысқазан», «Сүйінші», «Қалжа», «Итжейде», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Қаз тұру», «Бесік жыры», «Тұсаукесер» сияқты өлеңдер топтамасынан тұрады. Кітаптың  II бөліміндегі Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Әнұран, Ту туралы өлеңдер топтамасы республикалық мүшайрада жүлделі 3 орынды иемденген болатын. Сонымен қатар Конституция күні, Республика күні, Мұрағат күні тәрізді кәсіби мерекелер қақындағы және Аналар күні, Балаларды қорғау күні, Киношылар күні сияқты халықралық мерекелер туралы өлеңдердің де көркемдік дәрежесі өте жоғары. III бөлім балалардың ой – қиялын жетілдіретін түрлі үлгідегі ойындар, жаңылтпаштар мен санамақтар, сұрамақтар мен мазақтамаларға арналған.  

IV бөлімдегі «Айдындағы әліппе» топтамасының да көтерер жүгі қомақты. Балықтар тіршілігі жайлы өлеңдер мен жұмбақтар және әліпбилік ертегінің танымдық та, тәрбиелік те мәні зор.

Толстой Лев Николаевич. Рассказы для детей

Лев Николаевич Толстой (1828 – 1910 гг.) – величайший русский писатель. В нашу книгу «Рассказы для детей» вошли не только рассказы, но также басни, были и сказки. Интересно и ненавязчиво Л.Н. Толстой расскажет школьникам о самом главном: добре, справедливости и тяге к знаниям. Издание красочно проиллюстрировано талантливым художником А.Г. Слепковым. Большинство произведений, вошедших в книгу, обязательны к прочтению в начальной школе.

Для младшего школьного возраста.  

Мұқанов С. Шығармалар жинағы.

Сәбит Мұқановтың бұл кітабына жазушынң «Балуан Шолақ» романы мен «Бақташының баласы» повесі және бірқатар әңгімелері енгізіліп отыр.

Шығарма негізіне күрес, тартыс жолдарының баяндалуында қазақ өмірінің өзіне ғана тән суреттерінің молдығы, қаһармандар арасындағы  тартыстың желісі «Балуан Шолақты» қазақ әдебиетінің елеулі туындылары қатарына қосады. Қуғыннан қашып құтылмақ болған Нұрмағанбет – Балуан Шолақ әрекеті осыған дәлел. Қазақ әдеиетінде роман жанрын жетілдіріп, қалыптастыруда С. Мұқановтың еңбегі үлкен.

Әңгімелеріндегі оқиғалардың өмір шындығынан алынуы шығарманың тәрбиелік мәнін арттырады. Ауылды кеңестендіру, байлардың жерін, мал – мүлкін кәмпескелеу, ескі идеологияны таратушылармен күрес, әйел теңдігі үшін үгіт, елді оқуға, білімге шақыру сияқты сан түрлі тақырып – оның әр жанрдағы шығармаларында көрініс береді.

Көпейұлы Мәшһүр – Жүсіп Шығармалар жинағы

Тұғыры тас, тұлыбы тоң қос ғасыр (XIX – XX ғғ.) куәсі Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы – қазақтың біртуар төл перзенті. Ол – ақын, ағартушы, тарихшы, фольклоршы.

Сол себепті де «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясы аясында шығарылып отырған бұл кітапқа Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының өзіндік өрнегі мол өзекжарды өлеңдері, мысалдары және ел ішінен жиыстырған аңыз – әңгімелері, ертегілері, мақал – мәтелдері, баталы сөздері мен қазақтың хан, би, шешен, батырлары тарапынан айтылған тарихи ой – түйіндері еніп отыр.

Сондай – ақ, бұл кітап ақынның әулие – көріпкелділік қасиеттері жөнінен де сыр шертеді.

Жюль Верн Патша шабарманы

Бұл роман қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып жарияланып отыр. Романда Шығыс Сібірді жаулау арқылы орыс империясының орнығуы, оның орталығы Үркіт қаласы үшін болған соғыста далалықтардың қолын бастаған Кенесары хан туралы тарихи мағлұматтар қамтылған.

Тұрманжанов Ө. Жаңа туған жас бұлақ.

Ө.Тұрманжанов — І.Жансүгіров дəстүрін жалғастырушы ақын. Бұл ретте Жансүгіровтің қимыл- қозғалысқа, бояуға толы динамикалы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерін еске түсірсек те жеткілікті. Ө.Тұрманжанов өлеңдерінде де сəбиге тəн бала тілі, асқақ сезім, романтизм, лиризм бар. «Тамаша ғой қыс деген», «Əн салайық айналып», «Балқаш көлге барайық», «Көк гүлдерді жұлмаңдар», «Жасыбайдың үңгірі» өлеңдері балаларға арнау түрінде жазылған.

Куприн Александр Иванович Белый Пудель

Эта приключенческая история была написана в 1903 году. В ней рассказывается о путешествующих артистах: старом шарманщике, мальчике акробате и их собаке. Старик и мальчик путешествуют с места на место и дают представления на улицах. Сын богатого семейства хочет купить собаку, но шарманщик отказывается продать своего мохнатого друга. На следущий день собаку крадут...

Өтемісұлы М. Жыр – жебе

Бұл топтамаға «Азамат, сені сақтадым, бір күніме керек деп» жырлаған қазақтың атақты жырауы, күрескер, даулпаз, баһадүр ақын Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасы негізінен толықтай енгізілген.

Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, ерлік пен елдікке баулуға, бір сөзбен айтқанда патриоттық рухқа жетелейтін бұл жыр топтамасы жас оқырмандарға арналады.

Алтынсарин Ы. Кел, балалар, оқылық.

Бұл жинаққа халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің әңгіме, өлеңдері мен этнографиялық очерктері топтастырылған. Жаңашыл педагогтің жастарды білім алуға, өнерге, ғылым жолына түсуге үндеген ой – тұжырымдары бүгінгі оқырмандары үшін де өзекті екені анық.

Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.

«Жасөспірімдер кітапханасы» қорын КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтың асқақ, отты жырлары мен «Мен - қазақпын», «Туған жер», «Кісен ашқан», «Жыр туралы жыр», «Сел» аты күрделі де терең ойлы поэмалары толықтыра түспек.

Жұбан Отан, Ана, туған жер тақырыбын толғана, тебірене жрлаған ақын. Оның жыр – поэмалары еліміздің аса бай тарихын, ұлттық дәстүрі мен биік өнер өресін, өнегелі өмірін, өсіп – өркендеуін өн бойына өзек еткен.

Көрнекті ақынның бұл өлеңдер жинағы жыр сүйер талғампаз оқырман қауымға арналған.