САРЫБАЙ Б. Ақтабан. Әңгімелер мен хикаяттар / Бейбіт Сарыбай. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. - 240 бет.
Өмірді өлеңмен өрмектей білген, өрнектей білген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейбіт Шегебайұлы Сарыбай қара сөздің де сеңіне күмп беріп, көпшілік қауым көз қадап оқитын туындылар туынтқан, туынтып келе жатқан қалам иесі. Оның қаламынан қағаз бетіне түскен әңгімелері мен хикаяттары адам ойына ой қосып, теңіздей тебірентіп, толғандыра біледі.
Қолыңыздағы мынау «Ақтабан» атты кітапта да күлдіреуші күнге күпсіген өмір-өзен жайлы сыр толғар туындылар таудай толғақтап барып, көз жетпес көкжиекке көңіл күйін арқаулатып-ақ тастайды. Оны «Мөп-мөлдір көздің қарасы», «Шеткері үйдің тағдыры», «Бейкүнә күнәһарлар», «Естелік», «Қараағаш», «Рауғаш ерте гүлдейді», «Көктем. Ақ бұлақтар» болып арна түзер әңгіме-хикаяттарын оқып отырып ұғынасыз.