Сиқырлы кілт

«Сиқырлы кілтте» жер бетіндегі түрлі ұлттардың тұрмыс-тірші- лігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, т.б. ой-қиялы арқылы тартымды бейнеленген. Сондай-ақ ортақ сюжетке құрылған, яғни барлық халықтарға ортақ болып табылатын ертегілер де бар.

Тәрбиелік мәні зор осынау жинақ қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге де бай.

Кітап ертегі сүйетін балаларға арналған.