Стивенсон Роберт Қазына аралы. Роман. Орыс тілінен аударған Қ. Дәуітов - Алматы: «Балауса баспасы», 2021. 384 бет. Брл «Әлем балалар өдебиеті» сериясы бойинша жарық, көріп жатқан кітаптардың, кезекті саны.

Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы әсерлі баяндайды. Кезінде әлемдегі ұлы империялардың бірегейі саналған ағылшын елі жаңа жерлерді игеруде, дәулетін өркендетіп, қазынасын толтыруда алдына жан салмағаны тарихтан белгілі. Осындай әлеуметтік өсіп-дамудан туындаған сұраныс адам қиялын оятып, оны алыс та қиын, қатерлі сапарларға тартынбай аттанатындай етіп тәрбиелейтін әдебиетке зәру еді. Міне, бүкіл дүниенің бар байлығын уысында ұстауды көксеген ашкөз қоғамның осынау талап-тілегіне орай сол уақыттарда «Қазына аралы» сынды туындылар дүниеге келді.

Бірақ автор сол замандағы әлеуметтік сұраныстардың жетегінде біржақты кетпей, мәселенің өмірлік мәні бар екінші жағын, алтын мен ақшаға есі кете қызыққан адамдардың жан дүниесі азғындап, қу дүниенің құлына айналып кететіндігін өте сенімді суреттейді.