Свифт Джонатан Гулливердің саяхаттары. Роман. Орыс тілінен аударған Ж. Асықова - Алматы: «Балауса баспасы», 2021. 480 бет. Бұл «Әлем балалар әдебиеті» сериясы бойынша жария көріп жатқан кітаптардың кезекті саны.

 

Кітапта о баста хирург, кейін бірталай кемеге капитан болған Гулливердің әлемнің түкпір-түкпіріне жасаған ғажайып саяхаттары баяндалады. Ол алғашқы сапарында Лилипутияға саяхат жасап, сол жерде үлкендігі өзінің сұқ саусағындай кішкентай адамдардың тілін үйренеді. Ал екінші сапарында Гулливер Бробдингнег еліне жол тартады. Мұндағы адамдар өте үлкен, тіпті өзінен он еседей ірі еді. Оның ең қызық саяхаты - гуигнгнмдар - жылқылар еліне барғаны...

Бұл туындыны әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар туралы астарлы мазмұндағы роман-памфлет десе де болғандай. Тек балаларды ғана емес, үлкендерді де терең ойға жетелейтін сатиралык-философиялық керемет туынды.