Өтепберген Ақыпбекұлы

Әр әріптің әлі де ашылып болмаған өз құпия сыры жетерлік. Бір қызығы әріптер адам ағзасымен тығыз байланысты екен. Егер басың ауырса «Е» әрібін іштей бірнеше рет қайталасаң басың жазылады дейді емші ғалымдар. Рас демей көр?! Осы біз қатты қуанғанда не қорыққанда: «А-а!...», «О-о!..» - деп неліктен белгілі бір әріптерді, сөздерді ауызға аламыз? Бұл да жұмбақ...

Белгілі балалар ақыны Өтепберген Ақыпбекұлы ағаларыңның осы кітабы да әріптер, әліпбилік сөз түзілімдері туралы.