Тілеуғазы Бейсенбек. Зерек бала (өлендер, аңыз-дастандар, ертегілер) - Нұр-Сұлтан: «Big Dream» баспасы, 2021 ж. — 148 бет.

Белгілі балалар ақыны, әрі композитор Тілеуғазы Бейсембектің бұл жинағына оның балаларға арналған өлеңдері мен аңыз-дастандары және ертегілері топтастырылды. Мұндағы аңыздардың тәрбиелік мәні бар. Балаларды ақылды да тапқыр, білімді де өнегелі болуға үндейді. Жас жеткіншектерді кішіпейіл болуға, ата-анасын, туған елін, өскен жерін ардақтауға шақырады.