Ыбрайұлы К. ШУАҚ. Өлеңдер, жұмбақтар, мысалдар, аңыздар / К. Ыбрайұлы,- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021. - 160 бет.

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздік қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі», «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ұстаз, сазгер, ақын Көмек Ыбрайұлы балаларга арналған жиырма шақты кітаптың авторы.

К.Ыбрайұлы ынтымақ-бірліктің, адалдықтың арнасын өз шығармасының өзекті желісі етіп, жас өркендерді патриоттық тәрбиеге баулып, тілін дамытып, ой-қиялын шарықтатуға аса мән береді. «Шуақ» атты бұл кітабынан да сол асыл қасиеттердің шуақ шашқан шырайын көруге болады. Кітапқа қызықты өлеңдер, жұмбақтар, мысал-аңыздар топтастырылған.