Жыр арқауы – Ата заң. Құрастырған: Қайрат Мәми
Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазіргі Ата Заңымыздың түп қайнары — әз Тәукенің «Жеті Жар- ғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қаска жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді.
Конституцияны ардақ тұтып, оған жыр арнаған ақындардың көш басында ұлы ақын Жамбыл Жабаев тұрса, соңында Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрлан Мәукенұлы, Кәдірбек Құныпияұлы, Әлия Дәулетбаева сынды айтулы жыр шеберлері тұр.
Кітаптағы көркем туындылар қазақстандықтарды береке-бірлікке, ырыс- ынтымаққа, ел болып ұйысып, жұрт болып жұмылуға шақырады. Сондай- ақ, тілі жатық, образға бай поэзиялық шығармалар жас ұрпақты отаншылдық, елжандылық, патриоттыққа баулуды көздейді, оларды қасиетті елімізді, ұланғайыр жерімізді қадірлеуге, Тәуелсіздігімізді қорғауға үндейді.
Жаңа кітап барша қазақстандықтарға арналған.