Приозерск қаласынан шыққан ақындар

img132 Ж.К.Кеңесов. Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағатының директоры, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ізденушісі.

Сартай батыр және XVIII ғасырдың басындағы қазақ – жоңғар соғыстарындағы «Мың бала жорығы».

Монография. – Алматы: Дала, 2011ж. - 248 бет.

Монографияда қазақ тарихына «Мың бала жорығы» деген атпен енген шайқасқа бозбалалардан жасақ ұйымдастырып, ата – жау жоңғарларға қарсы жүргізілген соғыстарға қатысқан, Шұбартеңіз, Бұланты соғыстрында үлкен ерлік көрсеткен, он бес жасында қол бастаған Жақайым – Сартай батыр тұлғасының аңызы мен тарихы баяндалады.

Оқырман ұлтжандылықтың, елжандылықтың, ерлік пен отан сүйгіштіктің жоғарғы үлгісін көрсетіп, ел мен жер үшін жан қиған жас боздақтардың ерлігімен таныса алады.

Зерттеу қазақ елі мен тарихына қызығушылықпен қарайтын оқырманға арналады.

 

Скачать

  


 

Kenesov

Кітап Кеңес Одағы кезінде еліміздегі жабық қалалар қатарына жатқызылған Приозерск қаласының өткен тарихы мен бүгінгі тіршілігі туралы сыр шертеді.

Кітап еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Приозерск қаласына қоныс тепкен қала тұрғындарына,көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

Kenesov (69,95Mb)

 


Туған жерім тұғырым

Қарабектегі Нұрғали

Ақын Нұрғали Қарабектегі бұл кітабында өзінің өлеңдері арқылы жеріне, еліне деген сезімін, сүйіспеншілігін білдіріп, туған жерінің табиғатын көркем суреттейді. Ақынның өлеңдері алуан тақырыптарды қамтиды. Анаға, әкеге деген, аға-қарындасқа деген махаббатын жырлап қана қоймай, жастарды адалдыққа, шындыққа баулып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. Өзінің азаматтық парыз төңірегіндегі осы ойларын толғана жырлап, оқырмандарға өлеңдер жинағын ұсынып отыр.

 

Скачать

 


Өткен күндер

Арысланбаев Бақберген

Жас ақынның бұл жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері енгізіліп отыр.Поэзия адамның көңілінің көшірмесін қағазға түсірген көшірмесі сияқты.Оқып, өзінің де автормен бірге әртүрлі күйді басыңыздан кешеріңіз анық. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Скачать

 


Көңіл қүнделігі

Қарабектегі Нұрғали

Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабектегінің журналистік мамандық пен ақындық өнері қатар алып жүргеніне 35 жылдан асты. Облыстық және республикалық басылымдар арқылы оқырманның ыстық ықыласына бөленген ақынның алғашқы жыр жинағы 2004-жылы «Туған жерім-тұғырым» деген атпен жарыққа шығып, жырсүйер жамағат тарапынан жылы қабылданған болатын.Қолдарыңыздағы «Көңіл күнделігі» кітабына ақынның соңғы жыодары жазған жүрек серпілтер және ойға бөлер жырлары, көңіл толқытар толғаулары мен арнаулары, сезім сырлары топтастырылған.Айтар ойы салмақты жырлары мен лирикалық өлеңдері арқылы өз оқырманын тапқан ақынның бұл жыр жинағы да жырға құмар қауымды бей-жәй қалдырмайтыны, олардың көңілдерін табатыны анық.

 

Скачать

 


1

Хизирова Маржанкул

Сейілтші, жүрек, мұңымды

Бұл жинақта Хизирова Маржанкул Қожабекқызының жазған өлеңдері тұңғыш рет топтастырылып, ұсынылып отыр.  «Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, өлең-жырды өміріне серік еткен Маржанкул туындыларында көркем ойды әдемі өрнектермен айшықтаған жырлар аз емес. Өз ойын қилы өлең құрылымдарымен жеткізуге талпынған ұстаз-ақынның ізденістері талғамы биік оқырманды бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз.                                                                                         

Кітап жалпы оқырманға арналған.

 

 

 Скачать