Приозерск қаласынан шыққан ақындар
Кітап Кеңес Одағы кезінде еліміздегі жабық қалалар қатарына жатқызылған Приозерск қаласының өткен тарихы мен бүгінгі тіршілігі туралы сыр шертеді.
Кітап еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Приозерск қаласына қоныс тепкен қала тұрғындарына,көпшілік оқырманға арналған.
Kenesov (69,95Mb)
Туған жерім тұғырым
Қарабектегі Нұрғали
Ақын Нұрғали Қарабектегі бұл кітабында өзінің өлеңдері арқылы жеріне, еліне деген сезімін, сүйіспеншілігін білдіріп, туған жерінің табиғатын көркем суреттейді. Ақынның өлеңдері алуан тақырыптарды қамтиды. Анаға, әкеге деген, аға-қарындасқа деген махаббатын жырлап қана қоймай, жастарды адалдыққа, шындыққа баулып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады. Өзінің азаматтық парыз төңірегіндегі осы ойларын толғана жырлап, оқырмандарға өлеңдер жинағын ұсынып отыр.
Өткен күндер
Арысланбаев Бақберген
Жас ақынның бұл жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері енгізіліп отыр.Поэзия адамның көңілінің көшірмесін қағазға түсірген көшірмесі сияқты.Оқып, өзінің де автормен бірге әртүрлі күйді басыңыздан кешеріңіз анық. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
Көңіл қүнделігі
Қарабектегі Нұрғали
Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабектегінің журналистік мамандық пен ақындық өнері қатар алып жүргеніне 35 жылдан асты. Облыстық және республикалық басылымдар арқылы оқырманның ыстық ықыласына бөленген ақынның алғашқы жыр жинағы 2004-жылы «Туған жерім-тұғырым» деген атпен жарыққа шығып, жырсүйер жамағат тарапынан жылы қабылданған болатын.Қолдарыңыздағы «Көңіл күнделігі» кітабына ақынның соңғы жыодары жазған жүрек серпілтер және ойға бөлер жырлары, көңіл толқытар толғаулары мен арнаулары, сезім сырлары топтастырылған.Айтар ойы салмақты жырлары мен лирикалық өлеңдері арқылы өз оқырманын тапқан ақынның бұл жыр жинағы да жырға құмар қауымды бей-жәй қалдырмайтыны, олардың көңілдерін табатыны анық.
Хизирова Маржанкул
Сейілтші, жүрек, мұңымды
Бұл жинақта Хизирова Маржанкул Қожабекқызының жазған өлеңдері тұңғыш рет топтастырылып, ұсынылып отыр. «Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, өлең-жырды өміріне серік еткен Маржанкул туындыларында көркем ойды әдемі өрнектермен айшықтаған жырлар аз емес. Өз ойын қилы өлең құрылымдарымен жеткізуге талпынған ұстаз-ақынның ізденістері талғамы биік оқырманды бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз.
Кітап жалпы оқырманға арналған.