Акмуллаева А. Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы
Өсімдіктер және жануарлар экологиясына арналған оқу құралында әлемде кездесетін алуан түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктердің (фитоценоз, популяция, биогеоценоз) құрылым деңгейін, орта жағдайларына бейімделу заңдылықтары туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ, өсімдіктер, жануарлар экологиясының ғылым ретінде даму тарихы мен экологиялық факторлары, олардың классификациясы, негізгі түсініктер, ұғымдар мен экологиялық мәселелер қарастырылған.
Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандықтарының студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға, сонымен қатар экологиялық жағдайларға қызығушылық танытатын оқырманға арналады.