Алиханов Д. Автоматика негіздері

Оқулықта автоматика жүйесінің элементтері, өлшеуіш құрылғылары, күшейткіштер, орындаушы, релелік және логикалық элементтер, басқару нысандарының және реттеуіштердің негізгі қасиеттері келтірілген. Автоматты жүйелердің сапа көрсеткіштерін талдау және анықтау негіздері бойынша қысқаша мәліметтер, автоматты басқару теориясының негіздері, бейсызықты басқару жүйелері, технологиялық үрдістерді автоматтандырудың экономикалық тиімділігін анықтаудың негізгі көрсеткіштері, технологиялық үрдісті автоматтандыру мысалы қарастырылған.

Оқулық 1518000 – «Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім беруге арналған.