Алишер Рахат. Махаббатым-constant

Қаратаудан Алматыға арман қуалап келген Ерасыл университетті тәмамдаған соң, Қытайдан тауар тасумен ай- налысатын ірі компанияның менеджері болып жұмыска орналаскан. Бірақ, ашық-жарқын, кез-келген ортаға сіңісіп кететін, қыздармен жиі кыдыратын Ерасылды Алматы «жұ- тып», томаға тұйық, ешкіммен артық ауыз тілдеспейтін, жұмысына тік барып, тік кайтатын жігітке айналдырғалы бері оның бір күні екіншісінен айнымайтын, қайталана бе- ретін сұр тіршілікке айналып, ештеңе сезінбейтін болған.

Әріптестері оның үнемі өзімен-өзі жүретініне үйрен- генімен, компанияға жаңадан келген ақтаулық ару - Элина, Ерасылды сөзге тарта береді. Жігіттер оның сұлулығын мойындағанын, құрметтегенін қалайтын қызға Ерасылдың ешкімнің көңіліне қарамай, дүңк еткізіп айта салатын мінезі мүлдем ұнамайды, әйткенмен өмірге тіке карай алатын шы- найылығы - бойжеткенді магнитше тартады да, тұрады.

Бірақ, түрлі тағдырды арқалап, кеңсе-кеңістікте түй- іскен екі адам-нүкте координаттағы сол орындарын сақтай ала ма?..