Алтай А. Алтай новелласы

Әдебиетімізде  ұлы Байтұрсынов көркем прозаның роман, повесть, новелла жанрын «ұлы, ұзақ, ұсақ» әңгіме деп жіктепті. Бұл жинақ та Ахаң айтқан жанр сипатына сай жасақталған, шығармалар новелла табиғатына тән жазылған.

«Алтай балладасы» (Алтайдың алқызыл модағайы) романында алтайлық саяқ аңшы мен жыртқыш аюдың бір қызға ғашық болуы, олардың жалғыздықтағы жанкешті тағдыр – талайлары, психологиялық күйі табиғатпен шендесе суреттеледі.

«Алтай элегиясы» (Қызыл бөлтірік)  хикаяты мен «Алтай новелласы» «Кержақтың кері» әңгімесі де романмен астарлас, рухани әлемі тұтас дүниелер. Жинақ көркемдік қуатымен, мазмұн сонылығымен, стильдік ізденісімен ерекшеленеді.