Аманат өмір немесе Тәңірі алдында теңбіз
Танымал жазушы Эрих Мария Ремарктың суреткерлік көркемдігі әр алуан. Бұл шығармасында адамдық ізгі сезімдер романның бас кейіпкерлері Лилиан мен Клерфэ арқылы бейнеленеді.
«Аманат өмір» - бұл даналықтың, ақыл-ойдың қазынасы іспеттес туынды. Оқырманды бейжай қалдырмайды, терең ойға жетелейді. Тек өмір жайлы ғана емес, достық, махаббат, өлім туралы да ой салады. Өзімізге аманат етілген өмірде тіршілігімізді жасаймыз, алайда оның орнына не береміз? Жарық дүниенің қайтарымы не болмақ? Міне, шығарманың түйіні де осыған тіреледі.
Рас, біз айналамыздағы сұлулықты байқамаймыз, зулап өтіп жатқан әрбір күнімізді бағалай білмейміз. Өмірдегі ең басты қажеттілікті ақша мен билік деп қана түсінеміз. Ал шығарма өз өміріңді, денсаулығыңды, жақындарыңды бағалауға мәжбүрлейді.