Аманолла Шайбеков. «Сарқылмас сырлы Сарыарқа».
Жазушы Аманолла Шайбековтың «Сарқылмас сырлы Сарыарқа» халық ауыз әдебиеті негізіне сүйеніп жазылған танымдық романында Орталық Қазақстан жерінде өмір сүрген және өмір сүретін белгілі Орта жүз ішіндегі Арғын атасынан бөлініп шығатын Каракесек руының Түйтеден тарайтын Әлтеке-Сарым тармағының ата бабаларының тарихи өзіндік келбетін ашып, келешек ұрпақ санасына сақтауға арналған.
Роман әдеби көркем тілде жазылған. Ішіндегі айтылатын әңгімелер қазақ тарихында белгілі оқиғалар уақыттарымен межеленіп жазылып, кейбір тарихи қайшылықтарга пікірлер білдірілген. Жалпы шығарма оқуға тартымды және ата бабалар өміріне көңіл бөліп, оқырман ойын түйіуге ықпал ететіні сөзсіз.