Амантай Сатаев «Таңдамалы шығармалар»

Қазақтың тұңғыш кәсіби жоғары білімді архивариусы, белгілі жазушы-драматург, тарихшы Амантай Сатаев кешегі кеңестік кезеңің өзінде төл тарихымыздың айтылмай, айтқызбай келген тұнықтарын жасканбай, талмай жинап, артына мол шығармашылық мұра қалдырған каламгер.

А. Сатаевтың бұл кітабына таңдамалы пьесалары мен киносценарийлерi топтастырылған. Тарихилық пен деректiлiктi казық еткен әр шығармасы қызықты мағлұмат, соны көріністерімен, автордың тек өзіне тән драматургиялық ерекшеліктерімен тартымды. Автор оқырманды өзінің таңғажайып әлеміне жетелеп, Жәңгір хан, Төле би сынды небір айтулы тарихи тұлғалармен, Ботагөз, Ғайни сиякты ерекше кейіпкерлерімен қатар, жас ұрпақ өнеге етерлік қарапайым да, жаны жайсаң еңбек адамдарымен де қауыштырады. Ел басына түскен ауыр нәубет хақындағы «Қаратабан канды жол», «Елімай» киносценарийлері де осында. Қаламгерді жаңа бір қырынан танытатын бұл туындылары да окырман көңілінен шығар деген үміттеміз.