«Ғашық боп көрмеген келіншек» Ысқақбай М.

Жазушы Марал Ысқақбайдың бұл жинағына көпшілікке танымал «Ғашық боп көрмеген келіншек», «Ғажайып бала», «Жойқан төбе» атты хикаяттары мен «Қияндағы қыстау», «Менің көрші әріптестерім», «Қайыркеш» сияқты әңгімелері еніп отыр. Автор өз туындыларына өмірде кездесетін сан қилы оқиғаларды арқау еткен. Ол тағдырдың тауқыметі мен қуанышын шебер суреттеп, адам жанының ішкі сарайына үңіледі. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.