Ақылды бала

«Ақылды бала» кітабында бала миы қалай жұмыс істейтіні және даму барысында қандай кезеңдерден өтетіні туралы айтылады. Авторлар-медицина ғылымдарының докторы, көптеге марапаттарға ие болған педагог әрі балалар психологы Дэниел Дж. Сигел мен балалар мен жасөспурумдердің тәжірибелі психотерапевті Тина Пейн Брайсон баланың тентектігі мен еркелігінің астарында не жататынын ашып түсіндіре отырып, осы бағыттағы ғылыми-танымдық теорияларды түсінікті тілмен баяндайды. Оны түсініп оқыған адам бала тәрбиесінің қыр-сырын толығымен білетін болады.