Қазақтың жазылмаған психологиясы. Е.Жаубай.Н.Молдабайқызы
Қолдарыңыздағы психологиялық-талдау бұған дейін көп қаламгер бара қоймаған тың тақырыпқа арналған еңбек. Бұл еңбекте халқымыздың сан ғасырлық дүниетанымының қорытындысы, өзегі болған салт-дәстүрі мен ұлттық ойындары, ырым-тыйымдарының психологиялық астарына ғылыми тұрғыда талдау жасалды. Соның негізінде ұлтымыздың бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап, ерекше мән бергені, әр салтында, әр ойынында психологиялық терең астар жатқаны нақты көрініс тапқан.
Еңбек психология, педагогика саласының мамандарына, білім алушыларына, сондай-ақ жалпы оқырманға арналған.