Әбдік Т.: Біз үшеу едік

Төлен Әбдік - қазақ әдебиетіне өзгеше леп әкелген көрнекті жазушылардың бірі. Қаламгер өз шығармаларында адамның сан қилы әрекеттерін олардың дүниетанымы арқылы шынайы суреттеген. Адам жанының кейбір беймәлім тұстарын сипаттайтын шығармаларының бірі де бірегейі - «Біз үшеу едік». Автор бұл шығармада кейіпкерлердің ішкі психологиялық күйзеліс, қақтығыстарын дәл көрсете білген. Бұл кітапқа жазушының аталмыш шығармасынан бөлек, «Оралу», «Біркүндік ашу», «Бас сүйек» атты туындылары еніп отыр.