Бегім-Мұрат Ілиясов, Данияр Шалқаров «Ерлікке толы ғұмыр»

Кітап қазақтың біртуар азаматы, Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, Совет Одағының Батыры Нағи Ілиясовтың өмір жолына арналған. Кітапта Нағи Ілиясовтың балалық шағынан бастап, Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы жауынгерлік жолы мен майданнан елге оралып, соғыстан зардап шеккен халық шаруашылығын көтеруге қосқан орасан зор үлесі шынайы деректер арқылы баяндалады.