Бекжігітова Кәмшат. Өмірдің мәні

Жұмыр жердің бетіндегі тірі жанның бәріне әйтеуір бірдеме жетпейді. Біреуге ақша мен дәулет қат, енді біреу қуаныш пен мейріміге зәру. Әркім тірліктен өз жоғын іздеп өтеді. Түсіне білгенге, адамның бәрі - жоқшы. Тапқандар бар, таппағандар одан көп. Таным-түйсік, бағдар-бағыттары әртүрлі болғанымен, жоқ іздеген адамның бәрі - бір топқа жатады. Олар өзін-өзі таппағандар. Немесе өз-өзін іздегендер. Адам өзін тапқанда, жанына жылылық ұялайды, көңілі тыншиды. Мына жарық дүниеге мүлде басқа көзбен қарайды. Нағыз бақыттың не екенін түсінеді. Бақыттың дәмін сезеді. Бақыт құшағына бөленеді. Ал мұның кілті - осы кітаптың ішінде.