Дана Орманбаева. Дана мен бала.

Біз өз балаларымызды дұрыс тәрбиелеп жүрміз бе? Олар жақсы адам болып өсуі үшін қандай айрықша нәрселерді білуіміз керек? Сіздің тәрбиеңізде не нәрсе басым? Бұйрықтар мен олардың қалтқысыз орындалуы ма, әлде сенім мен ашық жүрек пе? Баланы жақсы, тәртіпті және елгезек болуға баулыған дұрыс па, әлде оған бақытты болуға көмектесу маңызды ма?

Елімізге танымал журналист, продюсер және қоғам қайратқері Дана Орманбаеваның өмірлік және аналық тәжірибесі жоғарыдағы сүрақтардың бәрі миллиондаған ата-ананың өмірінде риторикалық сұрақтар емес дейді. Олардың барлығы ЖАҢА уақытқа сай және міндетті түрде БОЛАШАҚҚА сәйкес келетін нақты жүйелерді, алгоритмдер мен дәлелдерді талап етеді.

Біздің осыған дейін бала тәрбиесі туралы білгендеріміз ескірді, іске жарамай қалды, сәннен шықты және күткен нәтижеге жеткізбеді. Жаңа буынның балалары мен олардың ата-аналары тәрбиелік инновацияларға зәру екені айқын.