Диханбаева Ф. Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
Оқу құралында микроорганизмдердің тірі әлем жүйе сіндегі орны, микроорганизмдер жүйелілігі мен номенклатурасы, бактериялар жіктелуі, пішіндері және қозғалуы, микроорганизмдер физиологиясы және тынысалуы, сонымен қатар қоршаған ортаның адам өміріне маңызы қарастырылған.
Сондай-ақ сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы, сүт өндірісіндегі маңызды микроорганизмдер сипаттамасы, сүт өндірісінде қолданатын ашытқылар, олардың
классификациясы, сүт өнімдерін өндірудегі биохимиялық процестер толық түсіндірілген.
Оқу құралы 1224000 – Сүт өнімінің өндірісі мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған