Әділбек Ыбырайымұлы «Күнге бет алған керуен»

Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының бұл-«Күнге бет алған керуен» жыр жинағы лирикаға бай, эпикалық сарынға да арқа сүйеген, азаматтық үнге ие.

Өлеңдердегі айшықты суреттер мен бейнелі теңеулер, табиғат, жаратылыс тылсымдарымен астарлас түйінделетін пайымды ойлар мен тың тұжырымдар еріксіз көңілді иітеді. Шығармалардың шынайылық қуаты мен өресіне тұшына отырып, оқырманын ой тұңғиығына шомдырады.