Ербол Тілешов «Сөз және дәуір»
Кітапка «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясы және ғылыми зерттеу мақалалар жинақталған. Монографияда Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы романтизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, символизм көркемдік әдістері және ақынның шығармашылық эволюциясы сөз етіледі. Келесі бөлімге ғылыми макалалар топтастырылды.
Бұл еңбек оқытушыларға, әдебиетшілерге, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және әдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.