Герт Хайденрайх Жат Отан
Бұл XIX ғасырдың ортасындағы Германияның Хунсрюк' өңірінің халкы, олардың азат әрі бақытты өмірді аңсаған тілегі, бастан кешірген түрлі ауыртпашылықтары, Отанға деген сүйіспеншілігі, болашаққа деген үміті мен ержүрек қасиеті туралы туынды. Ашаршылықтан, жұт пен озбырлықтан титықтаған мыңдаған пақырлар ол кезде Еуропадан шалғайда жатқан Оңтүстік Америкаға қоныс аударған. «Өлімнен сәл артық дүние қайдан да табылады» - бұл олар танып-білген ащы шындық пен үкілі үміт болатын. Өз дэуірінің ақылды эрі білімді монархтарының бірі болған II Петер елдің оңтүстігінде жатқан кең-байтақ жерді елді мекенге жэне егіндікке айналдыру үшін шетелдіктерге Бразилияның есігін айқара ашқан еді.
Кітапта өздерін тек асыл армандары ғана құтқаратынына көздері жеткен ағайынды Якоб пен Густав Симонның хикаясына куә боламыз.