Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова. Алаштың сөнбес жұлдыздары.

ТҰЛПАРДЫҢ ТҰЯҒЫ

1963 жыл болса керек. Қазак, университетінің аспиран- тымын. Аяулы ұстазым Бейсекең — профессор Бейсембай Кенжебаевпен әдепкі бір кеңес үстінде ұлттық прозаның бастауы туралы сөз больш қалғаны. Ыбырайдьң әңгімелері, Абайдың «Ғақылияларынан» соң, үлкен эпикаға барар жол... Әрине, ең алдымен — «Бақытсыз Жамал». Зады, мені бауырына тартқан студент кезімнен бастап ұлағатты ұстазбен арамызда ешқандай тыйым тақырып жоқ, бірақ Алаш қайраткерлері туралы әңгіме болған емес. Бұл жолы амалсыздан шығып қалды. Бейсекем менің бұл тараптағы толғамыма ризашылықпен қарап, сәл-пәл жымиып, азғана отырды да: «Жарар, дүние бір орында тұрмайды, кезі келер», — деп, сөз аяғын қусырған қалып танытты. Әйтсе де мен тоқтай алмадым. «Бәрінің де тұқымы құрыды ғой, Мадиярдан ұрпақ қалды ма?» — деп сұрадым. Бейсекем көздерінің қиығы қатпарланып, тағы да үнсіз жымиды. «Осының бәрін қайдан... Иә, — деді содан соң. — Жалғыз қызы... аман-есен, дәрігер, үйлі-баранды, менің жақын бір досым, белгілі әдебиетшінің қосағы...»Сұраулы жүзімнен аңдаса керек: «Әбен Сатыбалдиев»,—деді іркіліп барып. Жөн-ақ, асылдың сынығы сақталыпты, тұлпардың тұяғы бар екен... Гүлнар Міржақыпқызы. Сойы да сол қал- пында — Дулатова!

Әбен ағаны алдымен көрдім. Арада екі-үш жыл өткенде, Жазушылар одағында. Тағы да төрт-бес жылдың орайында, қызметтес болмасақ та, шығармашылық жалғастық орнапты. Әбекең жаңадан құрылған «Қазақ Совет Энциклопедиясының бас  редакторы мен орынбасары, мен сырттан тартылған белсенді авторлардың қатарында әрі салалық Кеңестің мүшесі едім. Әуелгі дайындьщ жоба — «Сөзтізбенің» қалай жасалғаны, одан соңғы әрқилы кездесулер есімде. Әбен Сатыбалдиев — өрісі кең, ұлттық санасы ғана емес, тарихи танымы да зор, абзал азамат екен. Алғашқы әмбебап энциклопедиямыздың ұлттық сыпатта қалыптасуына айрықша ықпал жасағанын нақты куәландыра аламын. Басқаны былай қойғанда, «совет өкіметінің қас жауы, алашордашыл» Міржақып Дулатов- тың қызымен шаңырақ құруының өзі... көп нәрсені аңғартпай ма?! Бірде, кейінірек, өзара әңгімеде Ілекең — Ілияс Есенберлиннің айтқаны бар-ды: «Міржақьштьщ қызы Гүлнармен мектепте бірге оқыдық, ғажайып сұлу еді», — деп. Әйткенмен, бұл сұлуыңыз «халық жауының» қызы болса, елжіреген жүректің әжептәуір түгі болуы керек. Осы екі қасиет қатарынан дарыған Әбекең отбасындағы бақыт, береке, қызықпен қоса, сырттан соғар ызғардың лебін де сезіне отьгрьш, Гүлнар сұлуды өмірлік жар ретінде қалаған екен. Егер тайғақ дәуірдің тарам жолында дәл осындай сүйеніш, серік кездеспесе... Гүлнар апамның тағдыр-талайы да басқашарақ сызылар еді. Тозбас, тот баспас, бірақ бүгінгі күнге жете ме, жетсе, дәл осындай ізгі, мейірбан қалпын сақтар ма еді деп ойлаймын. Қайткенде де, Әбен Сатыбалдиев қайын ата — рухани әкесінің кейінгі қызығын көрмесе де, өзінің перзенттік бар міндетін атқарып кетіпті. Міржақыптың асыл ұрқын жоғалтпай, лайықты ұрпағын жалғастырумен қатар, Гүлнар апамыздың шаңырағьн шалқытьш, еңсесін көтеріп өтті. Соның ең үлкен бір айғағы — Алаштың ұлы тұлғалары туған халқымен қайта табысқаннан соңғы кезеңде Гүлнар Міржақыпқызы атқарған ағартушылық қызмет — естелік кейіпті үлкен үш томдық деректі кітап. Әуелгі, «Шындық шырағы» деген атпен басылған дилогия мемуар енді «Алаштың сөнбес жүлдыздары» дейтін тағы бір кітаппен толығып отыр.

Біз естелік деп атап отырған бұл үш кітап — автордың ғүмырбаяны емес, өмір белестерінің жекелеген үзіктері ғана, онда да тек Алаш ардақтыларына қатысты көрген- білгендер мен нақты куәлардан естіген жағдаяттар. Міржақыптың артында қалған жалғыз перзенті Гүлнар 1915 жылы туған екен. Жақаң қайта шықпас темір торға түскен жылы он төрт жаста. Яғни, өз әкесі ғана емес, онымен қатарлас, алдағы, кейінгі Алаш тұлғаларының түр-тұлғасын, болмыс-бітімін де танып үлгерген межеде. Алаш азаматтарыньщ отбасы, үрім-бұтағьщың бұдан соңгы қилы тағдыры өз алдына. Десе де, Гүлнар Дулатованың естелік кітабы тізбекті оқиғалар жайын күйттемейді, негізінен, Алаш ардақтыларының бізге жеткен ешбір қүжат, жазбаларда таңбаланбаған мінез-құлық, әдет-жай, өзіндік ерекшеліктері, отбасылық, дүниауи тіршілігі төңірегінде. Гүлекең бала көңілімен байқап, ойга түйген- дерін көзі көргенін қалтқысыз, шынайы баяндай отырып, әредікте, өзіне дейінгі һәм ес білмеген кезіндегі кейбір жағдаяттарды туған анасының немесе басқа да үлкендердің айтуы бойынша әңгімелейді. Қүнарлы, жатық тілмен, табиғи қалыпта.

Әлбетте, үш кітаптағы орталық тұлға — Міржақып. Біз бүл ретте Жақаңды ақын, жазушы, қайраткер ретінде емес, әдепкі адамдық кейпінде танимыз. Жүріс-тұрысы, киім киісі, тұрғылас азаматтармен, үлкен аға, кіші іні, ағайын-туыспен арақатынасы, үй іші, отбасындағы мейірбандық пен әрқилы сын кезең, қиын жағдайдағы қалыпты мінезі — түйіп айтқанда, қазақ тарихындағы өзгеше бір серектің — айнымас ұлтшыл, қайтпас күрескер Міржақып Дулатүлының кісілік бейнесі көрініс табады. Сонымен қатар Міржақып ғұмырының қилы замандағы кейбір қалтарыс сәттері де алға тартылыпты.

Алып түлғасы, ізгі болмысы үш кітапты да көктей өтетін Ахаң — Ахмет Байтұрсынүлы жөнінде де дәп осы сөздерді қайталап айтуға болар еді. Сонымен қатар жалпы жұрт қастерлеген үлы ұстаз, ақылман ақсақал айқын танылады. Бүл ретте Алаш көсемі Әлекең — Әлихан Бөкейханов өз алдына бір төбе. Ахмет Бірімжанүлы, Айдархан Тұрлы- байұлы және оларға жалғас қаншама қазақ зиялысы тағы жүр. Осындай азаматтарға серік болған, көркіне ақылы сай қазақ әйелдері де үмыт қалмапты. Бүл қатарда Гүлекеңнің өзінің туған анасы, Жақаңның зайыбы Гайнижамал айрықша көрінеді. Үлкенге келін, кішіге жеңге, отбасында береке, өмірдің қызығына да түшынған, азабын да тартқан, амандықта қалған жалғыз қызын оң жолға салып кеткен, ақыры қапада дүниеден озған Гайнижамал Жақаңа лайықты жар болған екён.

Бүгінгі жұрт айрықша назар аударатын бір жағдай — Алаш азаматтарының өзара құрмет, сыйластығы. Әрқилы мінез бар, бірақ ұлттық мұрат биік әрі ортақ болған кезде ешқандай пенделік алалыққа орын қалмауға тиіс. Өз құнын білген тұлға, артық-кем демей, тұрғыласын да қастерлейді. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары тап осындай еді. Сонымен қатар ол кездегі қазақ та... азаматьш сыйлай білетін. Гүлнар апамыздың мемуарында Алаш түлғаларының өзара қатынасы ғана емес, оларға деген бір жағы Шыңғыстау, бір жағы Омбы мен Орынбор, Қызылорда — бүкіл қазақ жұртының қадір-құрметі қаншама әңгімеге арқау болыпты.

Иә, Гүлнар Міржақыпқызының естелік кітаптарынан адам кейпі ғана емес, заман суреті де белгілі дәрежеде көрініс табады. Алас-құлас 20-жылдар негізгі арқау болса, одан соңғы азапты заман, отаршыл тәртіп түнекке тыққан арыстардың кейінгі ұрпақтарының көбіне-көп қайғылы, әрқилы тағдыры...

Біздің бұл шағын мақаламыз — кітапты талдау емес, барды бағалау ниетімен жазылды. Шындығын айтсақ, баяғы Кенесары заманынан соң, алпыс жыл дегенде, енді қара қылыштың жүзіне емес, алымды сөз, білгір саясаттың күшіне сүйеніп, қайта көтерілген қазақтың жаңа толқыны — «Қазақ» газетінен басталып, Алаш-Орда өкіме- тімен дәуірлеген өзгеше тұлғалар туралы қаншама деректі құжат болса да, көзкөрген естелік атаулы мүлде жоқ қой. Совет өкіметінің жантәсілім қарсаңында «Жұлдыз» журналының арнайы өтініш, тапсырмасымен жазылған бірер мақала, әлдебір үзік елестер болмаса. Осы орайда Гулнар Дулатованың естелік байып тұрғысындағы үш кітабы — қазақ руханиятындағы өзгеше бір қазына дер едім. Асырып айтылған сөз емес. Барыңыз да, нарыңыз да осы. Ахаңның маңдайына бітпеген, Мағжанның жастай кеткен, Әлекеңнің көктей қиылған балалары қайтып келіп әңгіме айта алмайды. Гүлнар апамның қолынан шыққан аталмыш кітаптар — қаншама тарынса да, тамырымызды біржола құрта алмаған зұлмат заманнан өтіп, бізге жеткен күтпеген бір олжа.